Бразилияда жол апатынан жеті баскетболшы қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Бразилияда 15 маусым күні Сеара штатындағы CE-187 тас жолында "Баскет Сеаренсе" баскетбол командасының ойыншылары мен жаттықтырушыларын тасымалдаған автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан жеті баскетболшы оқиға орнында көз жұмған.
Globo басылымының мәліметінше, автобуста шамамен 40 адам болған. Команда жарыстан жеңіспен оралып келе жатқан.
Қалған жолаушылар түрлі жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Апаттың нақты себептері әлі анықталған жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған болуы мүмкін. Автобус аударылған кезде кейбір адамдар көліктен сыртқа ұшып шығып, кейін көлік астында қалған.
Бразилияның Спорт министрлігі мен Баскетбол конфедерациясы (CBB) қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript