Мальдив аралдарына баратын туристер қазан айынан бастап жаңа туристік салық төлейді
Сурет: pexels
Мальдив парламенті шетелдік туроператорларды, туристік агенттіктерді және онлайн брондау жүйелерін республика салық қызметінде тіркеліп, туристік салық төлеуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az Atoll Times басылымына сілтеме жасап жазғандай, шетелдік туроператорлар, туристік агенттіктер және офшорлық брондау платформалары Мальдив аралдарының салық қызметінде (MIRA) тіркеліп, Мальдив қызметтерін сату бойынша туристік тауарлар мен қызметтер салығын (TGST) төлеуі тиіс.
Бұл талаптардың барлығы қазан айында күшіне енеді.
Жаңа салық мемлекетке жылына шамамен 1,6 млрд мальдив руфиясын (103,5 млн доллар) түсіреді деп күтілуде.
Бұл өзгеріс Мальдивте физикалық орны жоқ туристік бизнеске қатысты "баратын ел" қағидатын енгізеді. Яғни салық сатушы мен сатып алушының географиялық орналасуына қарамастан, Мальдив аумағында көрсетілетін қызметтерге салынады.
Бұған дейін қазақстандықтардың Түркияға жиі ұша алатыны туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript