Бұрынғы күйеуінің қателесіп аударған ақшасын қайтармай қойған әйел жауапқа тартылды

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 12:21 Фото: pexels
Сингапурда бір әйел бұрынғы күйеуінің қателесіп аударған ақшасын қайтарудан бас тартып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымы жазғандай, Джеймс Джонатан финтех-компанияға 5200 доллар аудармақ болған. Алайда ол ақшаны қателесіп бұрынғы әйелі Адельге жіберіп қойған.

Ер адам әйелден қаражатты қайтаруын бірнеше рет сұрап, сегіз күн ішінде кемінде он рет хат жолдаған. Әйел алаяқтықтан қорқатынын айтып, ақша аударымының заңдылығын растау үшін жеке куәліктің көшірмесі мен ақшаның қайдан келгені туралы қосымша құжаттар сұраған.

Осыдан кейін ол барлық соманы полицияға өткізіп, қаражаттың шығу тегін тексеруді өтінген. Нәтижесінде бұрынғы күйеуі сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот талқылауы алты айдан астам уақытқа созылды. Ақырында сот әйелді бұрынғы күйеуіне қателесіп аударылған ақшаның толық сомасын қайтаруға және сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

Бұған дейін ұйқы чемпионатыныңжеңімпазына 6 миллион теңгеден астам сыйақы берілетінін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: