10 жылдан астам отасқан әйелін тастап, жас қызға үйленген ер адам сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 08:09 Фото: pixabay
Ұлыбританияда 56 жастағы менеджер Дэвид Кертис заңды некесін бұзбастан, Таиландқа барып, жас сүйіктісіне үйленгені үшін сотталды. Ол туыстарына Facebook арқылы үйлену тойына шақыру жіберіп, құпиясын байқамай ашып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, оқиға 2026 жылдың ақпанында, ер адам отанына оралған кезде әшкере болған. Онымен 10 жылдан астам некеде тұрған 51 жастағы заңды әйелі Керсти әлеуметтік желіден той туралы хабарландыруларды көріп, адвокаттың кеңесімен полицияға жүгінген.

Құқық қорғаушылар ер адамды Хитроу әуежайында ұстаған. Ноттингем сотында анықталғандай, ол Азияға кетер алдында әйеліне жұмысқа бара жатқанын айтқан. Кейін қарым-қатынастарына "үзіліс жасағысы келетінін" хабарлап, оны барлық байланыс арнасында бұғаттап тастаған.

Кертистің жаңа сүйіктісі оның соңынан Ұлыбританияға көшіп келген. Ал күйеуі тастап кеткен әйелі осы қиын кезеңде күрделі ота жасатып, жұмысынан да айырылған.

"Оның әрекетінің зардабын өмір бойы тартатын боламын... Ол некемізді бұзып қана қойған жоқ, менің адамдарға сену, өзімді қауіпсіз сезіну және өміріме қайтадан біреуді жақындату қабілетіме де нұқсан келтірді", – деп күйзелісін бөлісті әйел.

Кертис сотта заңды некесін бұзбай, екінші рет үйленгені үшін кінәсін толық мойындады. Сот оған 18 ай сынақ мерзімін белгілеп, шартты түрде алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартып, сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

Бұған дейін Қазақстанда бірнеше әйел алған ер адам құқық қорғаушылардың назарына іліккен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: