Есімі тасқа қашалып жазылған әнші - Бүркіт Тараз қаласының әкіміне алғыс айтты

Instagram
Қуанышты жаңалықпен бөліскен әнші бұл құрмет үшін Тараз халқы мен қала әкіміне рақмет айтып, желіде видеоүндеу жолдады.

Тараз қаласының Мәдениет сарайы маңында "Әуендер әлемі" аллеясы ашылып, осы өңірден шыққан әншілердің аты мәр-мәр тасқа қашалып жазылды. Оның ішінде Бүркіт деген атпен өнер әлеміне танымал Айбек Жансейітов те бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Қуанышты жаңалықпен бөліскен әнші бұл құрмет үшін Тараз халқы мен қала әкімі Асқар Мырзахметовке рақмет айтып, желіде видеоүндеу жолдады.

"Жерлестеріме мың алғыс! Туған жерім – Таразға көп рақмет!" — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, мұндай аллея еліміздің әр қаласында бар. Мысалы, әнші Қайрат Нұртастың есімі "Шәмші аллеясында" жазылған. Онда еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосқан әншілер мен композиторлардың есімі жазылған. Ал Алматыдағы жұлдыздар аллеясында бірінші болып спорт жұлдызы – Илья Ильиннің есімі жезбен жазылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды