Тоқаев Қарақат Башанованы құттықтады

Ақорда
Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі ІІ-орынды иеленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision ән байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қарақат Башанованы "Балалар Евровидениесі – 2020" байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі ІІ-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!", деп жазды Президент Твиттерде.

Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында екінші орын алды. Ол өзі орындаған "Forever" әнін марқұм болған әкесіне арнады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды