Ауғанстанда тұратын 35 қандас Қазақстанға сәтті оралды

ҚР СІМ
Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгін Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына қайтару шарасы сәтті өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның төрт азаматы, Қырғызстанның бір азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын бір ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады, делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылғаны баса айтылады.

Қазақстанның Кабулдағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасуда, делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды