БҚО-да бірге арақ ішкендердің бірі екіншісін сабап өлтірді

ҚР ІІМ
Сол күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Батыс Қазақстан облысында Серебряково ауылының тұрғыны бір дастарқанда көңіл көтерген ауылдасын соққыға жықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

54 жастағы ауыл тұрғыны 40 жастағы танысымен үйінде алкогольдік ішімдік тұтынған. Бір уақытта олардың арасында жанжал туындап, қонақ үй иесін ұрып-соғып, кейін кетіп қалған. Бір күннен кейін досына оралған танысы оның ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер ештеңе істей алмады, жәбірленуші ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, - делінген ҚР ІІМ сайтындағы хабарламада.

Сол күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі, "Өлімге әкеліп соқтырған денсаулыққа келтірілген зиян" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды