Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер сейсенбі, 17 қаңтарда Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе және Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қолайсыз ауа райы жағдайлары атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аздаған жел, тұман, инверсия) жиынтығы болып табылады. Қолайсыз метереологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы онша өзгермейтіні - 17-19 қаңтарда аяз сақталады деп хабарланған болатын.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -11-13°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -5-7°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -2-4°С.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды