Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Сурет: pixabay
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісіне байланысты бүкіл елде жеті күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Туымыз 2023 жылдың 12 ақпаны, жексенбі күні күн батқанға дейін барлық ұлттық және шетелдік өкілдіктерімізде төмен түсіріледі", - деп жазды Түркия президенті Twitter парақшасында.

6 ақпан күні таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді. Түркияда бір күннің ішінде күшті жер сілкінісінен кейін 10-нан астам жер сілкінісі сезілді.

6 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Тоқаев Түркияға көмектесуді тапсырды: Төтенше жағдай орын алған жерге қазақстандық құтқарушылар жіберілетінін мәлімдеді.

Фоторепортаж: қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің Түркияға аттануы.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды