Түркияның әскери әуе күштері НАТО жаттығуларына қатысудан бас тартты

Сурет: Instagram/turkhavakuvvetleri1
Түркияның әскери әуе күштері Афинамен арадағы дүрдараздыққа байланысты Грецияда өтетін НАТО-ның Tiger Meet жаттығуларына қатыса алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sabah өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Грекия қабылдаушы ел ретінде "екі ел арасындағы қарама-қайшылықтарды қоздыру мақсатында" оқу-жаттығу сценарийіне техникалық толықтырулар енгізді деп хабарлайды.

Түркияның әуе күштері ережені өзгертуді талап етті, бірақ олардың пікірі ескерілмеді.

Жаттығуларға қатыспаймыз деп шешім қабылдадық, өйткені Грекия жаттығуларды өзінің саяси мүддесіне сай икемдеп, әрекет етті. Түрік әуе күштерінің жаттығуларға қатыспайтындығы туралы қабылдаған шешімі Грекия билігіне жолданғаны белгілі болды, делінген хабарламада.

F-16 Fighting Falcon түрік атқыш ұшағы 9-22 мамыр аралығында Грекияда өтетін НАТО жаттығуларына қатысуы керек болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін грек ақпарат құралдары түрік әскери ұшақтары грек әуе кеңістігін үнемі бұзып кіруіне байланысты Түркияға арналған шақыртудың күшін Афинаның өзі жойғанын хабарлаған еді.

НАТО-ның Tiger Meet жаттығулары Грекияда 9-22 мамыр аралығында өтеді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды