Борис Джонсон қазіргі жағдайда қызметінен бас тарту жауапсыздық болатынын айтты

Сурет: Instagram/borisjohnsonuk
Ұлыбритания Премьер-министрі елдегі бағаның өсуі және Украинадағы әскери қақтығыс жағдайында қызметтен кету жауапсыз шешім болар еді, деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен бұл туралы көп әрі ұзақ ойландым, қазіргі жағдайда менің отставкаға кетуім жауапты шешім болады деп айтпас едім", – деп РИА Новости Джонсонның сөзін келтіреді.

Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшелері бірнеше рет Премьер-министрге сенімсіздік танытып, хат жолдады, Борис Джонсонды өз еркімен отставкаға кетуге шақырды. Сондай-ақ, Англия мен Уэльстің бұрынғы Мәдениет министрі және Бас прокуроры Джереми Райт Премьер-министрді отставкаға кетуін сұрады. Бұл ұлттық карантин кезінде Даунинг-стритте шенеуніктердің кеш өткізуін тергеу бойынша жарияланған есептен кейін болды.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді