Оңтүстік Корея халқы жаппай тұз сатып алып жатыр

Жаз басталғалы тұздың бағасы 27 процентке өскен. Өйткені сұраныс жоғары. Жақында Жапония билігі 2011 жылғы цунами кезінде қираған Фукусима-1 атом электр станциясының суын мұхитқа ағызуы тиіс. Екі ел теңіз арқылы шектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан Оңтүстік Корея тұрғындары алдағы уақытта су, тиісінше теңіз өнімдері де ластануы мүмкін деп қауіптенеді. Тұзды жаппай сатып алуының себебі де осы, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Кейінгі күндері тұзға деген сұраныс 40-50 процентке өсті. Менде тауардың көп бөлігі сатылып кетті. Аз қалды. Қазір жаңа жеткізілімді күтіп отырмын. Тұздың қоры таусылды. Басқа өнімнен уақытша бас тартуға болады. Алайда тұзды қалай тұтынбайсыз?". Теңіз тұзын сататын дүкен иесі Хюн Ёнгиль

Десе де, жергілікті билік бағаның өсуіне ауа райының қолайсыздығы әсер еткенін айтады. Сонымен қоса  тұрғындарды судың ластануына қатысты алаңдамауға шақырады. Өйткені радиация деңгейі өлшеніп отыратынын айтады. Оның үстіне Фукусимаға жақын сулардан теңіз өнімдерін кіргізуге тыйым салынған. Алайда бұған тұрғындардың сенгісі жоқ. 

"Фукусима-1 атом электр стациясының бір миллион тоннадан астам суын теңізге ағызу туралы шешім 2 жыл бұрын қабылданған. Бұл цунами кезінде зақымданған нысанды істен шығару үшін қажет. Жапондық шенеуніктер онда радиоактивті заттар жоғын айтады. Өйткені су арнайы тазартудан өтеді. Десе де бұған Оңтүстік Корея жұрты қарсы. Олар тиісті мәселе бойынша талай мәрте ереуілдер ұйымдастырған. Наразы топты балықшылар да қолдап отыр. Жүргізілген сауалнама нәтижелері көсретіп отырғандай, Оңтүстік Коеря тұрғындарының 85 проценті жапондықтадың бастамасын құптамайды. Ал он адамның жетеуі денсаулығына алаңдап, теңіз өнімдерін тұтынбайтынын айтып отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: