Ұлыбританияда интернет алаяқтық артып отыр

Сурет: pexels
Ұлыбританияда өткен жылы алаяқтық оқиғаларының саны екі есе артқан. Аудиторлық компаниялардың зерттеулеріне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар 2,3 миллиард фунтынан айырылып, сан соғып қалған.

Бұл соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Кибералаяқтардың арбауына түскендер көп. Қылмыскерлер банк немесе салықтанбыз деп хабарласып, халықтың ақшасын қағып алған.

Мамандарының мәліметтерінше, алаяқтықтың 70 пайызы әлеуметтік желілерде, онлайн-дүкендерде және танысуға арналған қосымшаларда жүзеге асады, деп жазады qazaqstan.tv.

Алаяқтық оқиғалары Лондонда және Англияның оңтүстік-шығысында жиі тіркеледі.

Бірнеше атышулы істің нәтижесінде қылмыскерлер қолды қылған жалпы сома өткен жылмен салыстырғанда 170 пайызға өсіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайлар алдағы жылы көбеймесе азаймақ емес.

Өйткені алаяқтар жасанды интеллекттің көмегімен ақша жымқырудың жаңа тәсілдерін меңгеріп жатыр.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты