Бүкіл елде 10400 үйді су басты

Сурет: pixabay
Әлемнің бірқатар елінде де дауыл мен тасқын болып жатыр. Ресейде су басқан үй саны 10 жарым мыңға жақындады. Осындай апатқа Австралияның Сиднейі деп тап болған. Ал Британия мен Ирландияда алапат дауыл соқты.

Ресейде қар тез еріп, өзендер арнасынан асып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, елдің Орал, Сібір, Еділ және орталық аймақтарындағы 39 облыста 10400-дей үйді су басқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Орал тауларынан бастау алып, Каспийге құятын Жайық өзені жұма күні бірнеше метрге көтерілді. Соның салдарынан Орынбор облысындағы Орск қаласында дамба жарылды.

"Кэтлин" дауылы күшейді

Ал Ирландия мен Ұлыбританияда ойран салған Кэтлин дауылы күшейе түскен. Сұрапыл жел сағатына 110 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Осыған байланысты екі елдің әуежайларында ұшақ рейстері доғарылды. Ал Мэн аралында ауа-райының қолайсыздығына байланысты сары түсті ескерту жарияланған. Себебі мұнда бүгін және ертең жауын төпелеп, су тасуы ықтимал.

Сиднейде жүздеген адам үйлерін тастап кетті

Австралияның Сиднейінің солтүстік-батысында жүздеген адам үйлерін тастап кетті. Халықтың қауіпсіз жерге көшуіне жауыннан кейін басталған алапат тасқын себепші. Бүгін Британияның "Гардиан" газеті хабарлағандай, эвакуациялану жөніндегі бұйрық Сиднейдің өзінде ғана емес, оның маңындағы бірнеше қалашықта да әлі күшін жойған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты