Ыстамбұлда ғимарат қирады: жеті адам зардап шегіп, тағы екі адам үйінді астында қалып кеткен

Сурет: NTV
2024 жылдың 2 маусымында Ыстамбұлдың Карталтепе ауданында үш қабатты ғимарат талқандалып, үйінді астында адамдар қалып кетті. Жеті адам құтқарылды, тағы екеуі әлі де табылмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстамбұлдың Карталтепе ауданындағы Беледие көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45 шамасында (Астана бойынша 10:54) құлады, деп хабарлады NTV түрік телеарнасы. Ғимараттың қирау себебі белгісіз.

Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған. 


Ыстамбұл қаласының губернаторы Давут Гүл 1988 жылы салынған ғимараттың қирап, үйінді астынан жеті адамның алынғанын, әлі екі адам табылмай жатқанын мәлімдеді.


"Оқиға орнына шұғыл жеткен бригадалар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Апат болған жерге жылдам жету үшін көшелерде қауіпсіздік жолақтары құрылды. Полиция да аймақтағы қауіпсіздік шараларын қабылдады", делінген телеарна сюжетінде.

Ғимараттың қирау себептері туралы түрік шенеуніктері мен БАҚ та ләм-мим деп ауыз ашпады. Zakon.kz редакциясы аталған оқиға барысын ары қарай бақылайтын болады.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Талдықорғанда "синтетика" таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды