Ватикан Рим папасының денсаулығына алаңдаулы

Сурет: Mazur/catholicnews.org.uk
Рим папасы Францисктің ауруханада жатқанына бір аптадан астам уақыт болды. Ақ халаттылар әулие әкейдің денсаулығына алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған "астматикалық респираторлық синдромның асқынуы" деген диагноз қойылған.

CNN басылымының хабарлауынша, сенбіде Ватикан понтификке пневмония диагнозы қойылғанын, ол ауруханада әлі ем алатынын хабарлап, апта сайынғы дұға оқу үшін ел алдына шықпайтынын ескертті.

"Бүгін таңертең Рим папасы Франциск ұзақ мерзімді астматикалық тыныс алу дерті асқынып, оған оттегі аппараты қолданылды", – деп жазды Ватикан пневмониядан емделіп жатқан Рим папасы туралы.

Аптаның басында діни қызметкердің жағдайы жақсарған секілді болып көрінді: 20 ақпанда Ватикан понтификтің жағдайы жақсы деп хабарлаған. Алайда Фрэнсистің өкпе қабынуы дерті асқынғаны белгілі болды. Ол жас кезінде пневмонияға шалдығып, өкпесінің бір бөлігін алдыртқан екен.

 Бұған дейін үндістандық 17 жастағы пауэрлифтинг чемпионының өмірінің соңғы минуттары видео түсіп қалғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды