Ұлыбритания көшелерінде егеуқұйрықтар қаптады

Сурет: pixabay
Қоқыс жинаушылардың үш аптаға созылған ереуілі Бирмингем тұрғындарын егеуқұйрықтармен достасуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналист Джонатан Свейннің айтуынша, коммуналдық қызметкерлердің ереуілі Бирмингем көшелерін қоқыс алаңдарына айналдырды. Қоқыс толы сөмкелер көшеде шашылып жатыр. Ал, қалдыққа үйір егеуқұйрықтар бүгінде үй жануары былай тұрсын, адамдардан сескенбестен үй мен көлікті емін-еркін мекендеп алған.

Наразылық себебі – қалалық кеңестің қоқыс таситын көліктердің қауіпсіздігіне жауап беретін қызметкердің лауазымын жою туралы шешімі. Осылайша, 50 жұмыс орны, оған қоса, тағы 20 қызметкердің жалақысы қысқарады. Өз кезегінде, билік бірнеше рет мәселенің ортақ шешімін табуға тырысқандарын мәлімдеді.

"Біз ешкім жалақысын жоғалтпайтын әділ шарттарды ұсындық", – деп атап өтті қалалық кеңестің өкілі.

Бұған дейін Францияда жеке балабақшаның тәрбиешісі 11 айлық баланы тазартқыш сұйықтықпен улап өлтіргендігі хабарланған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті