Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр

Сурет: unsplash
Бүкіл Еуропада электр жарығы жаппай өшті. Испания мен Португалияда көлік кептелісі туындап, бағдаршамдар мен байланыс қызметі де жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky news-тің хабарлауынша, Францияда, Андоррада, Нидерландыда және Бельгияда электр қуатына байланысты белгілі бір проблемалар болған. Тіпті, Лиссабонда метро тоқтап қалды.

Басылымның хабарлауынша, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары 10 сағатқа созылуы мүмкін. Екі елде де әуежайлар мен қоғамдық көліктер қиын жағдайға тап болғаны белгілі.

Шетелдік БАҚ Мадрид метрополитенінде кептеліс болып, қалада бағдаршамдар жұмыс істемей қалғанын жазады. Сондай-ақ, жарықтың болмауына байланысты Madrid Open теннис турнирі де орта жолдан тоқтаған.

Электр жарығына байланысты туындаған аласапыранға не түрткі екені белгісіз. Болжам бойынша, оқиға Францияның оңтүстік-батысында болған өрт кезінде жоғары вольтты желілердің зақымдануымен байланысты болуы мүмкін. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл арада кибершабуылдың да болу ықтималдылығын жоққа шығармайды. 

Бұған дейін Иранда жойқын жарылыс болып, 400-ден астам адам зардап шеккенін хабарлағанбыз

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді