Арменияда құйын соғып, адамдар зардап шекті

Сурет: wikipedia
Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисянның айтуынша, Ереванның солтүстік-батысында орналасқан Апаран қаласында қатты жел салдарынан төрт адам жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, дүлей дауыл өңірдегі ғимараттардың шатырларын жұлып кеткен және көліктерге зақым келтірген. Төрт адамға медициналық көмек қажет болды.

БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі ересек, біреуі – бала. Олар орташа және жеңіл жарақаттар алған.

Соңғы деректер бойынша, құйын 21 ғимараттың шатырын, 19 жеңіл және үш жүк көлігін зақымдаған. Сондай-ақ 15 ағаш пен сегіз электр бағанасы құлаған. Қауіпсіздік мақсатында қалада электр, газ және су жүйелері уақытша өшірілген. Қалпына келтіру жұмыстарына 137 құтқарушы жұмылдырылды.

Бұған дейін Афина жағалауында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырағандығы хабарланған болатын

Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды