Ресей 11 қыркүйектен бастап заңсыз мигранттарды шығара бастайды

Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Ресейде мигранттарды заңдастыру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қыркүйекте Ресей Президентінің шетелдіктерге елде болу үшін заңды негіздерін жоғалтқан жағдайда құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік берген жарлығының күші жойылады. Бейсенбіден бастап заңсыз мигранттарға қатысты кейбір құқықтарды шектеу шаралары қолданыла бастайды, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу да бар.

Оларға некеге тұруға немесе ажырасуға тыйым салынады. Заңсыз мигранттар баласын балабақшаға немесе оқу орнына орналастыра алмайды, көлік жүргізу құқығынан айырылады, сондай-ақ күнделікті өмірде қажет өзге де қызметтерді ала алмайды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағымының есебін жүргізетін цифрлық жүйе енгізуді тапсырғанын жазғанбыз

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады