Ұлыбританияда цифрлық жеке куәлік енгізіледі

Фото: pixabay
Ұлыбритания үкіметі міндетті цифрлық жеке куәлік енгізуді көздейді. Жаңа бастама заңсыз иммиграциямен күресуге және шекарадағы бақылауды күшейтуге бағытталған.

Бүгінде баспана мәртебесін сұраушылар елдегі негізгі саяси тақырыпқа айналып отыр. Британ жұртшылығы экономикадағы тұрақсыздыққа көз жұмып, келімсектер мәселесін қызу талқылауда.

Биылдың өзінде 28 мыңнан астам мигрант Ла-Манш арқылы қайықпен заңсыз келіп, салық төлеушілердің есебінен күнелтіп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Мобильді қосымшада сақталатын куәліктің кемшін тұстары да жоқ емес. Ол азаматтардың жеке бас деректерінің құпиялылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Премьердің пайымдауынша, жаңа жоба қазіргі парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылмақ.

Цифрлық жеке куәлік болмаса, сіз Ұлыбританияда жұмыс істей алмайсыз. Өйткені әдептен озбайтын, әділетті сүйетін адамдар осы мәселені шешуімізді сұрап отыр. Бізге шынымен де елде кімнің жүргенін білу маңызды. Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы