Акуланың шабуылына ұшыраған серфер таңғажайып түрде аман қалып, ауруханаға өзі жеткен

Сурет: freepik
Аустралиядағы Кенгуру аралының жағалауында 50 жастағы серферге жіңішке тісті (узкозубая) акула шабуыл жасап, аяғынан ауыр жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9news.com.au дерегінше, Оңтүстік Аустралия штатының акулаға бақылау жасау ұйымы шабуылдың мән-жайын анықтады. Олардың айтуынша, акула ер адамға итбалықты аулауға кедергі келтіргені үшін шабуыл жасаған. Жыртқыш балық оның аяғын екі рет тістеп, кейін жүзіп кеткен.

Серфер ауыр жараланса да, өз күшімен жағаға шығып, ауруханаға жеткен. Дәрігерлер оның жарақаты өміріне қауіп төндірмейтінін айтқанымен, оған шұғыл ота қажет.

Жіңішке тісті акулалар негізінен Атлант мұхитының тропикалық және субтропикалық суларында мекендейді. Ұзындығы 3,3 метрге дейін жетеді. Үлкен болғанымен, бұл түр адамдарға өте сирек шабуыл жасайды.

Бұған дейін Ресейде көшеде жүрген аю тұрғындардың зәресін алғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы