Мәскеуде тоғаннан 7-10 жас аралығындағы баланың бөлшектелген денесі табылды

Сурет: Мәскеу прокуратурасы
2025 жылдың 16 қарашасында Мәскеуде тоғаннан жылтырға оралған адам денесінің бөлшектері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәскеу прокуратурасының хабарлауынша, күдікті пакет ел астанасының шығысындағы Голянов тоғанынан табылған.

"Оқиға орнында құқық қорғау органдарының жұмысын Преображенский ауданаралық прокуроры Всеволод Ситников үйлестіруде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және осы факт бойынша процестік шешім қабылдау процедуралары прокуратураның жеке бақылауына алынды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу прокуратура бақылауында", - деді ведомстводан.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, табылған дене бөлшектері шамамен жеті жастан он жасқа дейінгі аралықтағы балаға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала екі күн бұрын қаза тапқан, деп жазады "РИА" құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап.

Тамыз айында Алматыдағы саябақ маңындағы қамыстар арасынан белгісіз адамның денесі табылған болатын. 

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді