Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Айта кетейік, бұған дейін 36 адам қаза тапты, тағы 279 адам хабар-ошарсыз кетті деп есептелген болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған ірі өрттің салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және бүкіл қытай халқына көңіл айтқанын жазғанбыз.
Еске салсақ, 2025 жылдың 26 қарашасында Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, тілсіз жаудың таралуын үйдегі көбінесе ағаш пен бамбук тіректері (Гонконгтағы ғимараттарды сәндеудегі әдеттегі дизайн) едәуір жеделдетті.