Бір жылда 120 кітап оқығанын мақтанып айтқан блогер көпшілік тарапынан ауыр сынға ұшырады

Сурет: pixabay
Кітап блогері Armah бір жыл ішінде 120 кітап оқығанын айтып мақтанғанымен, оны көпшілік "дұрыс емес әдебиет оқыды" деп сынға алды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Оқиға Armah-тың X әлеуметтік желісінде екі биік кітап үйіндісінің ортасында тұрған суретін жариялауынан басталған.

"Мен бұған қол жеткіздім! Биыл 120 кітап оқыдым", – деп жазды ол суреттің астына.

Платформа дерегінше, бұл жазбаны бір тәуліктің ішінде шамамен 29 миллион адам көрген. Алайда көп ұзамай пікірлер бөлімінде сын-пікірлер көбейе бастаған. Әсіресе оқылған кітаптардың едәуір бөлігі 18+ санатындағы ашық мазмұнды романтикалық шығармалар екені белгілі болған соң сын күшейді.

"Мұндай әдебиеттің басым бөлігі – қоқыс. 100 арзанқол махаббат романын оқу сағаттап реалити-шоу көргенмен бірдей. Тек шын мәнінде ұлы әдебиет қана "оқу" деп аталуға лайық", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір топ қолданушы суреттегі кітаптарды санап, кадрда небәрі 71 кітап қана бар екенін атап өтті. Бұған жауап ретінде Armah өзінің электронды кітапханасынан скриншот жариялап, көрсеткішін растады.

Бұған дейін Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шыққанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды