"Түркия аруы" есірткі ісі бойынша қамауға алынды

Сурет: Instagram/buseiskenderoglu
28 желтоқсан күні Ыстамбұлда есірткіге қарсы жүргізілген тергеу аясында "Түркия аруы – 2016" атағының иегері Бусе Искендероғлу ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыстамбұл прокуратурасы ауқымды антинаркотикалық тергеу шеңберінде кезекті таңғы рейд өткізген. Оның барысында бірнеше танымал тұлға бірден қолға түскен. En.Haberler дерегінше, Бусе Искендероғлумен бірге мыналар да ұсталған:

"Сұлулық, музыка, бизнес – бәрі бір жерде тоғысқан", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айыптаулардың нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Прокуратура тек ұсталғандардың барлығы заңсыз есірткі айналымына қатысты тергеу аясында қолға түскенін растады. Олардың құқықтық мәртебесі мен бұлтартпау шаралары алдағы жауап алулардан кейін белгілі болады.

Бұған дейін Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шыққанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды