Әлемде ішімдікке сұраныс күрт төмендеп, 22 миллиард доллардың тауары қоймаларда қаңтарылып қалды

Фото: pexels
Дүниежүзіндегі ең ірі алкоголь өндіруші компаниялар сұраныстың күрт төмендеуіне тап болып, қоймаларда рекордтық көлемде – 22 миллиард долларлық спирттік ішімдіктер қоры қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Financial Times басылымының мәліметіне сүйенсек, қорда виски, коньяк және текила өндірісінде қолданылатын алкогольді қоспалар жинақталып қалған. Артық өнім көлемін азайту үшін өндірушілер өндірісті қысқартып, баға саясатын қайта қарауға мәжбүр.

Кейбір компаниялар зауыттарын уақытша тоқтатып жатса, басқалары өнімнің бағасын арзандатып, сатылымды жеделдетуге тырысып отыр.

"Қазіргі жағдай COVID-19 пандемиясы кезінде қабылданған шешімдердің салдары болып отыр. Сол кезде карантин кезіндегі ішімдікті тұтынудың күрт өсуіне байланысты компаниялар жоғары сұраныстың сақталатынын болжап, өндірісті айтарлықтай арттырған", – деп жазды басылым.

Алайда кейінгі жылдары нарық кері бағытта өзгерді. Ішімдікке деген сұраныс халықтың табысының төмендеуі мен инфляцияның өсуіне байланысты азайды.

Сонымен қатар сала өкілдері орта мерзімді перспективада нарықтың қалай дамитынын дәл болжау қазір өте қиын екенін мойындап отыр.

Бұған дейін 2025 жылы Қытай халқы 3,39 млн адамға азайғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды