Ыстамбұлда жолаушылар толы метро пойызы рельстен шығып кетті

Сурет: pixabay
Ыстамбұлдағы танымал аудандардың бірінде жүйіткіп келе жатқан метро пойызы рельстен шығып кеткен. Апат орнында арнайы мамандар жұмыс істеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

A Haber мәліметтері бойынша, жолаушылар эвакуацияланды, жалғасып жатқан жұмыстарға байланысты пойыздардың қозғалысы бұзылды.

Бригадалар пойыздың рельстен шығып кетуінің салдарын жоюда. Өз кезегінде, құрылыс жұмыстарына байланысты метрополитеннің жұмысы тоқтатылды.

Бұл ретте, жолаушылар метроның келмеуі салдарынан жұмыстарына кешіккендерін жазып, наразылықтарын білдірді. Сондай-ақ, биліктен метродағы ақауларды жою үшін қажетті шараларды қабылдауды талап етті.

Бұған дейін Испанияда үш күн ішінде екі рет пойыз апаты орын алғанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді