Үндістандағы әуе апатынан экипаж толықтай қаза тапты

Сурет: pixabay
23 ақпанда Үндістанның Джаркханд штатында санитарлық (медициналық) ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортындағы жеті адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы апат болған Чатра ауданы полициясы мәлімдеді.

Ұшақ Нью-Делиге денесінің 60 пайыздан астамын күйік шалған 41 жастағы ер адамды жеткізіп бара жатқан. Әуе апатынан екі ұшқыш, екі медицина қызметкері және науқасты ертіп жүрген екі адам көз жұмды.

Үндістанның Азаматтық авиация бас басқармасының мәліметінше, Redbird Airways әуе компаниясына тиесілі Beechcraft C90 ұшағы Ранчи қаласынан Нью-Дели қаласына бағыт алған.

Ұшқаннан кейін 23 минут өткен соң экипажбен байланыс үзіліп, әуе кемесі радардан жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, апат қолайсыз ауа райы жағдайында болған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Бұған дейін Сомалиде жолаушылар ұшағы суға құлағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды