БҰҰ Израиль мен АҚШ-тың Иранға әуеден жасаған соққыларын айыптайды

Сурет: pixabay
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрк АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерін, сондай-ақ Тегеран тарапынан болған жауапты соққыларды ресми түрде айыптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ Израиль мен АҚШ-тың Иранға әуеден жасаған соққыларын айыптайды.

"Мен Израиль мен Америка Құрама Штаттарының Иранға жасаған бүгінгі әскери соққыларын, сондай-ақ Иранның жауапты қарулы соққыларын айыптаймын", деп атап өтті БҰҰ өкілі.

Ол қарулы қақтығыстың негізгі ауыртпалығы бейбіт азаматтардың мойнына түсетінін атап өтті. БҰҰ өкілінің пікірінше, ұстамдылықтың болмауы және жанжалды тоқтата алмау шиеленістің одан әрі ушығуына әкеліп соғуы мүмкін. Оның айтуынша, бұл сөзсіз Иран ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс аймағында орын алатын мән-мағынасыз қирандылар мен адамдар өліміне әкеліп соғады.

Ал дәл қазіргі уақытқа Тау Шығыстағы жағдай былайша сипатталуда:

Айта кетсек, 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

АҚШ
БҰҰ
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды