Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ

Фото: pexels
Келер жылдан бастап Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салғалы жатыр.

Жаңа заң TikTok, Instagram және YouTube сияқты платформаларды қамтығанымен, хат алмасуға арналған WhatsApp секілді мессенджерлерді шектемейді.

Билік осыған ұқсас заң қабылдаған басқа елдерден де қатаң әрекетке баруды көздеп отыр. Яғни жас жеткіншектерге тікелей эфир жүргізуге және бейтаныс адамдардың балаларымен байланысқа шығуға тыйым салмақ. Ойын сайттары да назардан тыс қалмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұлыбританияда жас жеткіншектер арасында ең танымал ойын платформасы Роблоксқа рұқсат етілгенімен, оның кейбір функциялары, мысалы чат, заңмен шектелуі мүмкін.

Үкімет заң шығармас бұрын мұғалімдер, ата-аналар және балалардың өзімен алдын ала ақылдасқан. Олардың 90 пайызы мұндай шектеуді қолдап отыр.

Дәл осындай шаралар Австралияда да қабылданғаны белгілі. Бірақ ол жақта шектеуді VPN арқылы сырт айналып өтетін балалар көбейген. Сондықтан тыйым салу тығырықтан шығар жалғыз жол емес. Жеткіншектердің ғаламтордағы қауіпсіздігіне бүкіл қоғам болып атсалысуымыз керек. Джулия Дэвидсон, Шығыс Лондон университетінің профессоры
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды