Қытайда роботтар роботтар өндіре бастады

Сурет: pexels
Қытайдың UBTECH Robotics компаниясы роботтардың көмегімен гуманоид роботтар шығаратын әлемдегі алғашқы өндіріс орнын іске қосты. Кәсіпорын жылына 10 мыңға дейін робот өндіре алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының мәліметінше, зауыт Лючжоу қаласында орналасқан. Оның өндірістік қуаты әр 10 минут сайын бір робот шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында негізінен Walker S және Cruzr серияларындағы интеллектуалды өнеркәсіптік гуманоид роботтар өндіріледі.

Компанияның мәліметінше, гуманоид роботтар өндірісі зертханалық прототиптер мен шағын сериялы өндіріс кезеңінен өтіп, жаппай әрі интеллектуалды өндірістің жаңа кезеңіне көшіп жатыр.

Өндіріс үдерісі іс жүзінде толық автоматтандырылған. Роботтар паллеттерді түсіру, материалдарды тиеу және оларды бір жерден екінші жерге тасымалдау жұмыстарын атқарады.

2026 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметтегі брифинг барысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтурсынов технологиялар мен жасанды интеллектінің адамдарды алмастыруы мүмкін емес екеніне қатысты пікір білдірді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандық әйел бес жыл бойы балаларына түрмеде отырғанын жасырып, "іссапарда жүрмін" деп келген