Хирургтер ота жасау кезінде науқастың құлағын шатастырып алған

Фото: pexels
Түркияның Стамбұл қаласында науқас ауруханаға сау құлағына емес, ауру құлағына ота жасатуға барған. Алайда хирургтер қателесіп, сау құлағына ота жасаған. Осыдан кейін пациент аурухананы сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru жазуынша, Түркия тұрғыны Мурат Таракчи құлағы ауырғанына шағымданып, Стамбұлдың Тузла ауданындағы университеттік ауруханаға барған.

Тексеру нәтижесінде оның оң жақ құлағында сұйықтық жиналғаны анықталған. Осыған байланысты хирургтер науқасқа ота жасау туралы шешім қабылдаған.

Наркоздан оянғаннан кейін ер адам сол жақ құлағының қатты ауырғанын сезіп, дәрігерлердің сау құлағына ота жасағанын түсінген. Сол күні науқасқа жалпы наркозбен тағы бір ота жасалып, дәрігерлер жіберген қатені түзеткен.

Екі отадан кейін ер адам құлағында тұрақты шу мен ызың пайда болғанына, есту қабілетінің төмендегеніне және қимыл үйлесімділігінің бұзылғанына шағымданған.

Зардап шеккен пациент дәрігерлерді сотқа берген. Оның адвокаты Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің тергеу жүргізуге рұқсат беруін күтіп отырғандарын мәлімдеді. Клиника басшылығымен жүргізілген келіссөздер нәтиже бермеген. Аурухана бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Бұған дейін Нидерландта бір жасар балаға алғаш рет эвтаназия жасалғаны хабарланған еді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған