Облыстық сайлау комиссиясы сайлау күнтізбесіне
сәйкес, 10 қазанда жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттарды тіркеу аяқталғанын нақтылайды.
"Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-і - саяси партиялар, 4-і - өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Ұсынылған 7 азаматтың 6-ы тіркеліп, 1-уі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды. Орташа бәсекелестік 1 орынға 3 адамнан келді. Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы - 39 жаста, ең үлкені - 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ", делінген хабарламада.
Сурет: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Сондай-ақ кандидаттардың төртеуі - мемлекеттік қызметкер, екеуі - қазіргі әкімдер.
Мамандығы бойынша төртеуі - экономист, біреуі - заңгер және біреуі - құрылысшы.
"10 қазанда жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады. Кандидаттар үшін Шиелі ауданында 24 кездесу орны, 30 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды. Ал, Сырдария ауданында 15 кездесу орны, 19 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды". Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Айта кетсек, сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Шиеліде 50402, Сырдариядау 22101 сайлаушы тіркелген.
Бүгінгі күні сайлаушылар үшін "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты сервис жұмыс істейді. Тұрғындар saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.