Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді.

Шетелдік делегация "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кеңейтілген форматтағы кездесуде тараптар қорғаныс ведомстволары қызметіндегі өзара мүдделі перспективалық бағыттарды талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения Қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.


"Сіздерді қазақ жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл сапар Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беріп, екі елдің ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді деп ойлаймын", - деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Армения қорғаныс ведомствосының делегациясы ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Сапар бағдарламасына сәйкес меймандар Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде болып, оқу-материалдық базасымен таныспақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды