Бас прокурор шетелдік инвесторлармен кең ауқымды кездесу өткізді

Сурет: linkedin.com
Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Америкалық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ елімізде қызмет атқаратын ірі халықаралық компаниялардың өкілдерін – Consolidated Contractors Company және шетелдік қатысуы бар "Комек Машинери Казахстан" ЖШС басшылығын қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстандағы инвестициялық климатты одан әрі жақсарту, шетелдік және отандық инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын әкімшілік және құқықтық кедергілерді азайту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Бас Прокуратура жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің қызметі, оның ішінде инвесторлардың өтініштерін жедел қарау, туындаған мәселелерді құқықтық тұрғыда шешу және бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату тәжірибесі инвесторлар тарапынан жоғары бағаланды.

Шетелдік компания өкілдері Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау мен өзара ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді. Олар ел экономикасына инвестиция тарту және бірлескен жобаларды дамыту әлеуетінің жоғары екенін де жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруге және тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Қазақстан
Асылов Берік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді