Қазақстан бюджетінің кірісі шамамен 16%-ға өсті: Үкімет оның себебін түсіндірді

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында салық реформасының алғашқы нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр өткен жылы бюджеттің кіріс бөлігін нығайту және фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ауқымды салық реформасы жүргізілгенін еске салды.

"Бүгінде бұл реформаның оң нәтижелері байқалып отыр. Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 16%-ға артты. Әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша түсімдердің өсіміне назар аударғым келеді. ҚҚС-тан түскен кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге көбейді", – деді Серік Жұманғарин.

Ұлттық экономика министрі бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

"Биыл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімін кемінде 5% деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында отандық тау-кен металлургиясы кәсіпорындарын тапсырыспен және шикізатпен қамтамасыз ету, жоспарланған инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру, салынып жатқан нысандарды, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде пайдалануға беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайта отырып, егін жинау науқанын толық көлемде жүргізу жұмыстары жалғасады", – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасының негізгі өсімін қамтамасыз етіп отырған салаларды атап өтіп, елдегі инвестициялық ахуалға баға берген болатын.

Қазақстан
Жұманғарин Серік
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін