Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаражат қажет

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Астана әуежайының ұшу-қону жолағы неге бюджет есебінен жөнделетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғат Ластаев бұған дейін ұшу-қону жолағы мен жүру жолын, негізгі таксомотор жолын және аэродромның дренаж жүйесін күрделі жөндеуге 20,3 миллиард теңге қажет болатынын айтқан. Осы орайда журналистер бұл жұмыстың неліктен бюджет есебінен жүзеге асырылуы жоспарланып отырғанын сұрады.

"Астана әуежайы мемлекет меншігінде. Сәйкесінше ұшу-қону жолағын жаңарту мемлекет бюджеті есебінен жоспарланған. Әуежай тарифтері қазіргі шығынды жабады, сәйкесінше жерүсті инфрақұрылымын жаңартуға қосымша қаражат қажет. Біздің тарифтер салыстырмалы түрде арзан. Тарифтер ТМД елдерімен салыстырғанда біздікі ең төменгілердің бірі", - деді ол.

Журналистердің "Күрделі жөндеуге қажет 20 миллиард теңгенің барлығы бюджеттен бөліне ме?" деген нақтылау сауалына Талғат Ластаев "Иә, барлық сома мемлекет бюджеті есебінен жоспарланып отыр" деп қысқа жауап берді.

27 мамырда Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуге байланысты жабылатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды