Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,71 теңгеге көтеріліп, 498,75 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,65 теңгеге (+0,75) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 499,5-503,5 теңге, еуро 522,5-527,5 теңге, рубль 5,31-5,43 теңге аралығында сатылуда.
17 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны барреліне 75,08 долларға дейін 0,45%-ға қымбаттады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,04%-ға өсіп, барреліне 70,74 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 495,28 теңге, еуроны 518,41 теңге, рубльді 5,44 теңге деп белгіледі.