Жалған ардагерлер құжаттарды қолдан жасап, Қазақстанда жеңілдіктер алып жүр

Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылғы 8 қыркүйекте жалған ардагерлердің жеңілдіктер алып жүргені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекет әлі күнге дейін бұрынғы КСРО аумағындағы және оның шегінен тыс қақтығыстарға қатысқан адамдарға төлем жасап, медициналық қызмет көрсетіп келе жатқанын мәлімдеген болатын. Жақупова Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы сөзін түсіндірді.

"Жалған құжаттармен өзін ардагер етіп көрсетіп, жеңілдіктер алған жағдайлар бар. Бұл туралы нағыз ардагерлер өздері де дабыл қаққан, яғни жалған ардагерлер анықтама қағаздарын қолдан жасап, жеңілдіктерге қол жеткізген", – деді министр үкімет кулуарында.

Бұған дейін Тоқаев мемлекет жүргізген "алысты болжай алмаған, ымырашыл әлеуметтік саясаттың" салдарынан жүзден астам түрлі жеңілдіктер пайда болғанын, оларды "помогайки" деп аталатын азаматтардың арнайы санаты иеленіп жүргенін айтқан еді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн

Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды