1 қазандағы саудада валюта бағамдары қалай өзгерді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 1 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 549,15 (+0,08) теңгені құрады.

Рубль бағамы 6,66 теңгеге (+0,01) көтерілді.

Қытайдағы мерекелік күндерге байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Ал айырбастау пункттерінде доллар 549,3–551,1 теңге, еуро 642,5–647,5 теңге, рубль 6,63–6,77 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Әлемдік нарықта да мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,13 долларға қымбаттап, 66,16 долларды, ал Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркасының бір баррелі 0,09 долларға өсіп, 62,46 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 549,06 теңге, еуроны – 644,87 теңге, рубльді – 6,66 теңге деңгейінде бекіткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады