6 қазандағы саудада теңге шетел валюталарына қатысты нығайды

Фото: Zakon.kz
6 қазан 2025 жылы сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 545,67 теңге болып, 1,79 теңгеге төмендеді.

Рубль бағамы да төмендеп, 6,61 теңге (-0,09) болды.

Қытай юані бойынша сауда Қытайдағы мереке күндеріне байланысты өткізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде доллар 544,9–547,3 теңге, еуро 636–641,5 теңге, рубль 6,49–6,59 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

6 қазандағы халықаралық саудада мұнай бағасы өсті.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнай бағасы 1,44%-ға өсіп, 65,5 доллар,

ал WTI маркалы мұнай бағасы 1,48%-ға өсіп, 61,8 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 547,57 теңге, еуроны 642,63 теңге, рубльді 6,68 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады