Алтын бағасы тағы да күтпеген жерден өзгерді

Фото: pexels
2025 жылдың желтоқсан айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы Нью-Йорктің тауар биржасына қарасты Comex алаңында тарихи максимумды жаңартты – бір трой унциясы 4 182 доллар болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биржа мәліметіне сәйкес: Қазақстан уақытымен 04:06-де алтынның бағасы 1,97% өсіп, 4 150 доллар болды. Ал, 04:59-да бағаның өсуі сәл баяулап, 4 146,5 доллар көрсетті (+1,88%).

Тағы бір дерек бойынша, 04:06-да баға 4 138,1 доллар деңгейінде болған (+1,68%).

Ал, 09:22-дегі жағдай бойынша, алтын 4 176 доллар деңгейінде саудалануда.

Бұған дейін 11 қазанда Трамптың мәлімдемесінен соң криптовалюталардың бағалары төменге құлдырай жөнелгенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады