Ұлттық Банк 500 теңгелік жаңа банкноттар айналымға шыққанын жариялады

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады. Бұл - "Сақ стилі" сериясымен шыққан бесінші банкнота, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

"Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың ІІ-тоқсанында шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет". ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Банкноттардың түсі – көк. Бет жағында:

Банкноттың артқы жағында:

негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

"Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады. Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде халықтың екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) немесе ҚҰБ филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес", делінген хабарламада.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.

Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.

"Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз".ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Бұған дейін Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Сенат дәлізінде журналистерге берген сұқбатында БЖЗҚ-дан қаражат алып қою неліктен тиімсіз болатынын түсіндірген еді.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады