Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі: 2026 жылғы шарттар

Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану шарттары қандай?

Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнаулы салық режимін мына талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдана алады:

2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істеуге тыйым салынған қызмет түрлері

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлері:

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолдана алмайтындар

Сондай-ақ жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін (АСР) төмендегі тұлғалар қолдана алмайды:

АСР бойынша салық мөлшерлемесі

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) салық салынатын объектіге есепті кезең үшін 4% мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Бұл ретте жергілікті мәслихаттар өңірлерге қарай мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаған. Орташа мөлшерлеме 2–3% аралығында.

Есепті және салық кезеңі

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР бойынша салық және есепті кезең — жарты жыл.

Бұл режимде:

АСР-ға көшу мерзімі

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимі туралы хабарлама ұсынуға тиіс.

Ал патент немесе арнайы мобильді қосымша арқылы АСР қолданған, бірақ жеңілдетілген декларация режиміне көшу туралы хабарлама бермеген кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жеке кәсіпкер ретінде салық органдарының есебінен автоматты түрде шығарылады.

АСР бойынша мөлшерлемелер қандай болады және оны кім белгілейді – мәслихат па, әлде республикалық деңгейде ме?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын тұлғалар табыс салығын мүлде төлемейді.

Олар үшін жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі – 0%.

Мұндай азаматтардың жалғыз міндеті – табысының 4%-ы көлемінде әлеуметтік төлемдер аудару.

Оның ішінде:

Бұл төлемдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға негізгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

Ал жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолданатын салық төлеушілер үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4% болып белгіленген.

Сонымен бірге мәслихаттарға осы мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендетуге немесе арттыруға құқық берілген.

Яғни әр өңірде салық мөлшерлемесі жергілікті мәслихат шешіміне қарай өзгеруі мүмкін.

Қазақстан
Астана
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды