Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру: жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер бар

Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды алаңдатқан ең өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа Салық кодексі мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алуға заңды тұлғаларды қалай ынталандырады?

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды ынталандыратын нормалар қолданыстағы Салық кодексінде де көзделген.

Алайда жаңа Салық кодексінде салықтық жеңілдіктерді қолданудың шарттары мен тәсілдері өзгертілді.

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары КТС сомасын төмендете алады:

Бұл жеңілдіктерді қолдану үшін қосымша талаптар қойылады:

- штаттағы мүгедектігі бар қызметкерлердің орташа жылдық үлесі кемінде 51% болуы;

- мүгедектігі бар қызметкерлердің жалақы шығындары еңбек ақы қорының (ЕАҚ) кемінде 51%-ын құрауы;

- ұйым табысының 90%-ы мүгедектігі бар қызметкерлердің қатысуымен алынуы;

- мүгедектігі бар қызметкерлер басқа мүгедектер ұйымдарымен еңбек қатынасында болмауы тиіс.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша

Тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады, егер бір мезгілде келесі талаптар орындалса:

Әлеуметтік салық бойынша

Әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары әлеуметтік салық төлеушілер болып саналмайды.

Көлік салығы бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлікке, бір автобусқа – көлік салығын төлеуден босатылады.

Жер салығы бойынша

Әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициентін қолданады (яғни, салық төлемейді).

Мүлік салығы бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары мүлік салығын салық базасына 0,1% мөлшерлеме бойынша есептейді.

Салық төлеушінің тәуекел деңгейі қалай анықталады?

Жаңа Салық кодексінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру барысында тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану тәсілін өзгертті.

Енді салық төлеушілер тәуекел деңгейі бойынша санаттарға бөлінбейді. Оның орнына мемлекеттік кірістер органдары салық түрлері бойынша, салалар бойынша, өңірлер бойынша, салық төлеушілер топтары бойынша салықтық тәуекелдерді талдап, анықтайтын болады.

Бұған дейін дербес несиелік есепті енді оңай алуға болатындығын жазғанбыз.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды