2 наурыздағы саудада доллар күрт қымбаттады

Фото: freepik
2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валютасы бойынша күндік сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың салмақталған орташа бағамы 502,60 теңге болып, 4,91 теңгеге өсті.

Ресей рублі 6,49 теңге деңгейінде саудаланды (+0,03).

Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 73,20 теңге болды (+0,58).

Ал айырбас пункттерінде долларды 500,5–502,9 теңге аралығында сатып алып, сатады; еуро – 588,4–594 теңге, рубль – 6,39–6,5 теңге.

Сондай-ақ, әлемдік нарықта мұнай бағасы да 2 наурызда өсті.

Brent маркалы мұнай бағасы 6,4%-ға көтеріліп, баррель бағасы $77,57 болды, сауда барысында қысқа уақытқа $82-ден асты.

Американдық WTI маркалы мұнай 6,2%-ға қымбаттап, $71,17-ге жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,56 теңге, еуроны – 586,92 теңге, рубльді – 6,44 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты