Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге өсіп, 455,63 теңге болды.
Рубль бағамы 0,03 теңгеге көтеріліп, 5,64 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда-саттықта 0,82 теңгеге өсіп, 68,25 теңгеге жетті.
Айырбастау пункттерінде доллар 454,5–457,2 теңгеден, еуро 505,6–510 теңгеден, рубль 5,38–5,50 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
27 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,90 долларға арзандап, барреліне 114,9 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,8 долларға арзандап, 101 долларды құрады.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 451,05 теңге, еуроны 504,95 теңге, рубльді 5,6 теңге деңгейінде белгіледі.
27 қазан күні түске дейін Қазақстанның айырбастау пункттерінде шетел валюталарының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына сілтемеден көруге болады.