Доллар бағамы кезекті өсімнен кейін 10 қарашадағы саудада 447,52 теңгеге дейін төмендеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 10 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,3 теңгеге төмендеп, 447,52 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің бағамы 0,3 теңгеге төмендеп, 5,42 теңге болды. Қытай юанінің бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 66,44 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 447,7 теңгеден сатып алып, 449,4 теңгеден сатады. Еуроның сатып алу бағамы – 500,5 теңге, сату бағамы – 504,8 теңге. Ал рубльді 5,18 теңгеден сатып алып, 5,29 теңгеден сатады.

10 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеді. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері 2,14%-ға арзандап, баррелінің бағасы 90,59 доллар болды.

NYMEX биржасындағы электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айына арналған фьючерстері 2,25%-ға арзандап, баррелінің бағасы 84,90 долларға дейін түсті.

Таңертең Ұлттық банк бір АҚШ долларының ресми бағамын 448,98 теңге, бір еуроның бағамын 502,45 теңге, ал бір Ресей рублінің бағамын 5,45 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттері 10 қараша күні түске дейін шетел валютасын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын Zakon.kz материалынан оқи аласыздар.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды